«АрселорМиттал Теміртау» барлық кеніштерінің жұмысын тоқтатты

1585
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының барлық кеніштері жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Сегіз шахтадағы жұмыстың тоқтатылуы туралы ақпаратты компанияның баспасөз қызметі растады.

«Барлық шахталардың жұмысы бір күнге тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Айталық, Бүгін түнде Костенко шахтасында жарылыс болды. Салдарынан 32 адамның денесі табылып, 14 кеншіні іздеу жұмыстары жүргізілуде.

 «Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер