Экономика. Қазақстан мен Әзірбайжан ТМД көшбасшысы

1705
Adyrna.kz Telegram

Посткеңестік мемлекеттер арасында тек Қазақстан мен Әзірбайжанның экономикалық жағдайы жақсы ма деймін. Өкінішке орай, Әзірбайжанның Қарабағын Армения тартып алды. Өзбекстанды мақтайын десем 5 миллион өзбек Ресейде қара жұмыста жүр. Өзбекстанның Ішкі Жиынтық Өнімі Қазақстаннан 4.5- 5 есе кем. Қырғызстанды мақтайын десем, Қырғызстанның Ішкі Жиынтық Өнімі Алматының локалдық Жиынтық Өніміне тең екен. Бірақ,  Қырғызстанның демократиясы бізден көбіре к және коррупциясы азырақтау. Қырғыз ағайын экономикалық реформаларды кешеуілдетті, табиғи ресурстары да аз. 700 мыңдай қырғыз Ресей мен Қырғызстанда жұмыс істеп жүр.

Армения- блокада жағдайында, әрең дегенде  Грузия порттарына шығады. Айтқандай Армения мен Әзірбайжан Қарабақ үшін соғысуда. Армения халқы ұзақ соғыс пен блокададан шаршап,  өз елінен көшіп жатыр. Ал,  Әзірбайжан мұнайдың биік бағасына сүйеніп, есін жиды.

Сол сияқты Грузия Ресеймен  қақтығысып, Абхазия мен Осетиядан айырылды. Бүгінгі күні тұрмыс тауқыметінен шаршаған грузиндер жан-жаққа көшіп жатыр. Армения мен Грузия халқының табиғи өсімі жоқ, керісінше депопуляция. Түркменстанды мақтайын десем, оларда Ниязов пен Бердімұхамедов нан мен ұн тапшылығын жойған жоқ. Ал, бұрынғы басшысы Ниязов апиынға үйір болып еді, келесі басшы Бердімұхамедов ән мен күйге, атшабысқа құштар болып, халық жағдайын ойлағанға ұксамайды.

Ресей Украинаның Қырымын тартып алып бәлеге қалды.  Батыс мемлекеттер альянсы -АҚШ пен Европалық Одақ , НАТО атты әскери ұйымы бар, олар Екінші қырғи қабақ соғысын бастады. Бірінші қырғи қабақ соғысында (1946-1991жж.) Кеңес үкіметі-КСРО -СССР жеңіліп, Одақ ыдырап, Одақтық республикалар егемен болған еді. 2014 жылдан бері Екінші қырғи қабақ соғысы басталды. Енді Екінші қырғи қабақ соғысында кім жеңері белгісіз.

Қазақстан ОДКБ атты әскери ұйымда Ресеймен одақтаспыз. Бірақ,  біздің Украинаға шабуылға қатысымыз жоқ. Біз Ресейдің ракеталық -ядролық қорғауындамыз, өз ядролық арсенал бомбаларымызды және ракеталарымызды Ресейге тапсырып, Батыс елдер мен Ресейдің кепілдігін алғанбыз. Ресейдің экономикалық және тұрмыстық жағдайы нашарлағанына алты жылға таяды.  Ар жағын бір Алла біледі.

Әзімбай Ғали

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер