10 жылға сотталған экс-әкім мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

1967
Adyrna.kz Telegram
egemen.kz
egemen.kz

Былтыр ғана 10 жылға сотталған Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажанов биыл түрмеден босатылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.  

Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, "пара алды" деген күдікке ілінген Кентаулық әкімнің бас бостандығынан айыру жазасы айыппұл төлеуге ауыстырылған.

2022 жылдың шілдесінде сот Махажановты 50 миллион теңге пара алғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Дегенмен бір жылдан кейін Жоғарғы сотта бас прокуратураның наразылығымен бұрынғы шенеуніктің жазасы алаяқтық ретінде қайта қаралған.

Деректерге сүйенсек, бұрынғы әкім жәбірленушіден ақшаны пара ретінде алмаған, жәбірленушіні алдап соққан.

10 жылға үкім шыққан Дәурен Махажановтың "пара алуға оқталу" бабы "алаяқтыққа оқталу" болып қайта қаралып, әкімнің мерзімі бес жылға дейін қысқартылған.

Ал қыркүйекте Махажанов колониядан босатылғаны айтылды. Экс-шенеунік 1 миллион 988 мың теңге айыппұл төлеп, бостандыққа шыққан.

"2023 жылдың 8 қыркүйегінде Қапшағай қалалық сотының бас бостандығынан айыру жазасын айыппұлмен ауыстыру туралы қаулысы негізінде сотталушы Д.Махажанов Заречный кентіндегі №57 мекемеден шығарылды", – деп хабарлады Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі өкілдері.

Пікірлер