Қытайға сапар. Премьер-министрлер не туралы сөйлесті?

1546
Adyrna.kz Telegram
Фото: Синьхуа
Фото: Синьхуа

ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьер-Министрі Ли Цян Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайыловпен кездесу өткізді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Синьхуа жаңалықтарына сілтеме жасап.

ҚХР Премьері Ли Цянның айтуынша, екі елде дипломатиялық байланыстар орнаған сәттен бастап Қытай мен Қазақстан арасындағы қатынастар халықаралық ахуалдың өзгеруіне қарамастан, жаңа деңгейге көтеріліп келеді.

Ли Цян Қытай-Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың барлық аспектілерінде мәңгілік достық, өзара сенім мен ынтымақтастық тұжырымдамасын ілгерілету, жаңғыртуды жүзеге асыруда бір-біріне қолдау көрсету және екі елдің халықтарына одан да көп пайда әкелу үшін бірлескен күш-жігер жұмсау үшін жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

Мемлекеттік Кеңестің Премьер-Министрі екі елді де "Бір белдеу - бір жолдың" жоғары сапалы құрылысын жалғастыруға, сауданы кеңейтуге, өндірістік қуаттар мен инвестиция сынды бірқатар салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге, келіссөздерді жеделдетуге, жаңа энергия көздері секторындағы кооперацияның әлеуетін арттыруға шақырды.

Сондай-ақ Қытай Халық Республикасының премьері Қазақстанды "Қытай - Орталық Азия" саммитін өткізуде және Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуде қолдайтынын атап өтті.

ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайылов өз тарапынан Қазақстан екі елдің мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестігінде  екіжақтың ынтымақтастық қарым-қатынасын жоғары бағалайтынын, сондай-ақ Қытай ұсынған бірқатар маңызды бастамаларды қолдайтынын жеткізді.

"Қазақстан Қытаймен бірге "Бір белдеу - бір жол" бастамасын ілгерілетуге, түрлі салалардағы практикалық кооперацияны нығайтуға, терроризммен, сепаратизммен және экстремизммен бірлесіп күресуге, Қытай ЕО Орталық Азия және ШЫҰ тетіктері шеңберіндегі ынтымақтастықты тереңдетуге және Қазақстан мен Қытайдың біртұтас тағдыры қауымдастығын бірлесіп құруға ниетті"-, деп мәлімдеді премьер-министр.

Пікірлер