"Вашингтон: Тәуелсіз Палестина". АҚШ-та он мыңға жуық адам шеруге шықты

1433
Adyrna.kz Telegram
фото: REUTERS
фото: REUTERS

Вашингтонда Израиль мен Палестина қақтығысына қатысты шеру өтті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі The Guardian басылымына сілтеп.

Вашингтон қаласында 4 қараша күні Палестинаны қолдайтын акцияға жиналды. Бұл Газа секторына Израиль шабуылдары басталғаннан бері АҚШ-тағы ең үлкен наразылық болады деп күтілген.

"Ұлттық парк қызметі берген рұқсатқа сәйкес, Вашингтон: еркін Палестина ұлттық шеруіне 30 мыңға дейін адам қатысады деп күтілген", — деп хабарлайды басылым.

Шеруге қатысушылар Бостандық алаңына сағат 14.00-де жиналып, шеруді ұйымдастырушылар Ақ үйдің жанынан өтуді жоспарлады.

"Қоршауға алынған Палестина халқының жағына шығатын уақыт келді! Газа сағат сайын бомбаланады. Израиль оның тұрғындарын тамақ, су және электр қуатынан айырады. Тағы он мыңдаған адам қайтыс болуы мүмкін. Біз әрекет етуіміз керек!"- делінген шеруге шықұандар.

Бұған дейін, әлемнің бірнеше елдерінде Палестина мен Израиль қақтығысына байланысты шерулер өткен еді.

 

Пікірлер