Марапаттан бас тарту. Министр әнші Әли Оқаповтың өз-өзіне келгенін айтты

1229
Adyrna.kz Telegram

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева барлық марапаттарынан бас тартқан әнші Әли Оқаповтың әрекетіне қатысты тағы да мәлімдеме жасады, деп жазады "Адырна". 

Аида Ғалымқызы Оқаповтың "Құрмет" орденін қайтару ниетін жағымсыз жайт деп атады.

"Әли Оқапов өз тарапына айтылған әлеуметтік желідегі хейтке эмоционалды түрде жауап берді. Қазір қоғамда сарапшылар қаптап кетті. Барлық жағдайға пікір білдіріп отыратындар жетеді. Сондықтан да, Әли Оқаповпен әңгімелестік. Ол аталмыш жағдайды шығармашылық адам ретінде эмоцианалды түрде қабылдады. Қазір ол өз-өзіне келді және мәселе шешілді деуге келеді" деді ол.

Еске сала кетейік, 27 қазан күні әнші Әли Оқапов өзінің барлық музыкалық марапаттарынан бас тартқан болатын. Бұл шешімге оны "Құрмет" орденін алғаннан кейінгі халықтың жағымсыз пікірі итермеледі. Республика күні қарсаңында президент Тоқаев еліміздегі бірқатар әртісті мемлекеттік наградалармен марапаттаған болатын.

Пікірлер