Ақтөбе облысында қызыл кітапқа енген ағаштар отынға кесілген

1358
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысында қызыл кітапқа енген ағаштар отынға кесілген, деп хабарлайды "Адырна" порталы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеп. 

«7 қарашада Хазірет ауылының маңында тіркемесі бар екі трактор тоқтатылды. Ауыл шаруашылығы техникаларының тіркемелеріне Қазақстанның Қызыл кітабына енген және мемлекет қорғауында тұрған сирек кездесетін ағаштардың тиелгені анықталды», - деді полиция хабарламасында.

53 және 56 жастағы екі ауыл тұрғыны көлік жүргізген. Айтуларынша, өзен жағасындағы ағаштарды кесіп, отынға пайдаланбақ болған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлермен, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген хабарламада.

Пікірлер