Алматы шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 872 мың

887
Adyrna.kz Telegram
qyzylqoga.kz
qyzylqoga.kz

Алматыда 2023 жылдың I тоқсанындағы мәліметтер бойынша 872 мың қала тұрғыны шағын және орта кәсіпкерлікпен (ШОБ) айналысқан. Мұндай жоғары көрсеткіштер Қазақстанның бірде-бір өңірінде жоқ, деп Ranking агенттігі өз зерттеулерімен бөлісті.

Ranking агенттігінің зерттеуінің нәтижесінде Алматы қаласы шағын және орта бизнесте жұмыспен қамту саны бойынша көш басында. ШОБ пен айналысатын адамдар мегаполистегі барлық экономикалық белсенді халықтың 79,6%-ын құрайды. Алматыда 2023 жылдың I тоқсанындағы мәліметтер бойынша 872 мың қала тұрғыны шағын және орта кәсіпкерлікке бетбұрған.
Салыстырмалы тұрғыда айтар болсақ, Астанада осыған ұқсас кезеңде экономикалық белсенді халықтың ШОБ жұмыспен қамтылғандарының үлесі 72,8% -ды құрады. Еліміздің басқа өңірлерінде, соның ішінде Шымкентте бұл көрсеткіш жартысына да жеткен жоқ. Жамбыл және Ұлытау облыстарында ШОБ жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 30% - дан да төмен. Бұл халықтың ірі жүйе құраушы кәсіпорындарға жоғары тәуелділігін көрсетеді, бұл жалпы өңірлердің экономикасы үшін де қауіпті, деп есептейді агенттік.
Елімізде 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша ШОБ-пен 4,1 млн адам қамтылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,4% - ға артық. Алматыдан басқа, жұмыспен қамтылғандардың саны Астанада 499,4 мың адамды құраса, Түркістан облысында бұл көрсеткіш 279 мың адамға жетіп жығылған.

Пікірлер