Алматы қаласында 368,6 мың ШОБ субъектісі тіркелген

921
Adyrna.kz Telegram
www.pnhz.kz
www.pnhz.kz

Ranking.kz. агенттігі келтірген деректерде, ШОБ секторындағы барлық тіркелген компаниялардың 17% - ы Алматыға тиесілі екені көрсетілген, деп жазды «Адырна тілшісі.
Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындар сегментінің жағдайына талдау жасаған агенттік сарапшылары, ҚР-дағы ШОБ субъектілерінің саны бойынша абсолютті көшбасшы республиканың қаржы орталығы және мәдени астанасы, Алматы қаласы деген қорытындыға келген.
«ҚР бойынша сектордың барлық тіркелген компанияларының 17% - ы Алматыға тиесілі: 368,6 мың», - делінген агенттік хабарламасында.
Ресми деректерге сүйенсек, 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде 2,1 млн ШОБ субьектісі тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары небәрі 1,9 млн.
Жалпы, қалалық Кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, 2023 жылы Алматыда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпорындар саны 315,2 мыңды құрайды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 44,7% - ға артық.
2023 жылдың бірінші тоқсанына Алматыда республика бойынша тіркелген 2,1 млн-нан 368,6 мың ШОБ субъектісі тіркелген.
Бұл ретте оның 315,2 мыңы — жұмыс істеп тұрған компаниялар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 44,7% — ға артық, - деп хабарлады агенттік Ұлттық статистика бюросының деректері негізінде.

Пікірлер