Алматы қаласында шағын және орта бизнесті несиелеу 59,6%-ға артты

916
Adyrna.kz Telegram
top-fon.com
top-fon.com

Алматы қаласының негізгі капиталына 484 млрд.теңге инвестиция тартылған. Нәтижесінде жеке инвестициялар көлемі 2,7 пайызға өсті. Аталған көрсеткіштер республикалық деңгейден жоғары. Еңбек нарығында да жағдай тұрақты. Шаһарда 29,4 мың жұмыс орны құрылған, оның 60 пайызы тұрақты.

Аймақтың экономикалық жағдайы жақсарған. Бір қата жетекші салада өсім қарқыны байқалады. Мәселен, сауда 27,2 пайызға өссе, өңдеу өнеркәсібінде бұл сандар 24,4 пайыз екенін көрсетуде. Көлік және қоймалау бағытында өсім 16,7 пайызға жеткен.

Қала экономикасының құрылымында кәсіпкерлік ерекше орын алады. Шағын және орта бизнесті несиелеу 59,6%-ға өсіп,, қарқынды жұмыс істейтін бизнес субъектілерінің саны 38,6%-ға артты. Алматының |Индустриалды аймағында 9,7 мың жұмыс орнын құру арқасында 343,7 млрд теңгенің 19 жобасы іске асырылуда. Биыл 1,2 мың жұмыс орны құрылады, 30 млрд теңгенің 14 жобасы пайдалануға беріледі. Басым салалардың қала экономикасына қосқан үлесі 23,4%-ға дейін артады деп күтілуде.
Экономиканы әртараптандыру мақсатында туризмді дамытуға ерекше мән берілуде, атап айтқанда туристік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шаралар іске асырылуда. Алматыда эко-отелдер, қонақ үйлер ашылуда. Жалпы, биылғы жылы қаланың нөмірлік қоры 3 мың төсек-орынға (27 мың төсек-орынға дейін) ұлғаяды. Сондай-ақ, 3 кемпинг-аймақ («Іле-Алатау» МҰТП-да) және кіші және Үлкен Алматы шатқалдарында ұзындығы 150 км 10 тау бағыттары ашылады. Бұл бағыттар цифрландырылады. 2023 жылы шетелдік туристер саны 450 мың адамға, ішкі туристер саны 1,5 млн. адамға дейін өседі деп күтілуде.

Пікірлер