Израиль мен Хамас қақтығысы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін - ҚР СІМ

1308
Adyrna.kz Telegram
Foto: AFP
Foto: AFP

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті, деп "Адырна" ұлттық порталы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Қос тарап сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың үдемелі сипатына тоқталды. Израиль Сыртқы істер министрі Таяу Шығыстағы Израиль мен палестиналық ХАМАС қозғалысы арасындағы қақтығыс аясындағы қазіргі жағдаймен таныстырды. Сыртқы істер министрі Нұртілеу қақтығыстың шиеленісуіне және әскери іс-қимыл аймағындағы жағдайдың өршуіне алаңдаушылық білдірді.

ҚР СІМ басшысы қақтығысушы тараптарды Таяу Шығыста бейбітшілік пен тұрақтылықтың жолдарын іздеуге шақырды.  Осы сәтте қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТМД Саммитіндегі мәлімдемесін атап өтіп, жағдайдың шиеленісуі тек Таяу Шығыста ғана емес, жалпы әлемде ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін баса айтты.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу израильдік әріптесіне Газа секторындағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға жәрдемдесу туралы сенімді өтініш білдіріп, бұл міндеттің еліміз үшін маңызды екенін жеткізді.

Пікірлер