Оңғар Қабден: Біз кімдердің ортасында өмір сүріп жатырмыз?

10566
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден
Үш күн бұрын экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. "Әйелін өлтірді" деген күдікке ілінген Қуандық Бишімбаев қазір қамауда, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Экс-министр екі айға қамауға алынды. Құзырлы органдар бұл іске қатысты ешқандай ақпарат таратқан жоқ.
Журналист әрі қоғам белсендісі Оңғар Қабден Facebook парақшасында марқұмның ағасымен тілдесіп, оқиғаның мән-жайын сұраған.
Қайтыс болған Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкеновпен сөйлестім. Бишімбаевтарға ешқандай кешірім берілмеген! Кешірмейміз деді. Не үшін қара жамылған әулетке экспертизаның қорытындысын бермей отыр? Әлде, туыстары әділдікке жету үшін марқұмның мәйітінің фото-видеосын жарияласын ба? Бишімбаев оқиға кезінде жеңіл ғана алкоголь (0,65) тұтынған деген не сандырақ? Әлеуметтік желіде Қуандық Бишімбаевты ақтап жатқандарды көріп жағамды ұстадым. Біз кімдердің ортасында өмір сүріп жатырмыз?,-деп жазды ол.
Оңғар Қабденнің айтуынша, Салтанат Нүкенованы жерлеу рәсіміне Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы келген.
Еске сала кетейік, экс-министрдің марқұм әйелі астрологияны меңгеріп, блог жүргізумен айналысқан. 
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер