ЕРТАЙ НҮСІПЖАНОВ: Көпшілік Назарбаев билігін сынаған қайраткер қастандықтың құрбаны болған деп есептейді

2011
Adyrna.kz Telegram
Заманбек Нұрқаділов - тәуелсіз Қазақстанның ең ірі, ең биік саяси тұлғасы. Авторитарлы билікпен ашық күрес жүргізген нағыз жаужүрек, жауынгер азамат. Халқы үшін қалтқысыз еңбек еткен ұлтының біртуар ұлы.
Өзінің туған елін, туған ұлтын шексіз сүйе білген, әрі сол жолда жаны құрбан болған сүйегі асыл ер.
З.Нұрқаділов туралы жазылған еңбектер мен естеліктер ол кісінің жағымпаздық пен екіжүзділікке жаны қас болған шыншыл, қиындықтан қаймықпайтын, қатені бетке айта білген турашыл тұлға болғанын айғақтайды.
Алматы қаласы мен Алматы облысының бұрынғы әкімі, бұрынғы төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік басшысы болған марқұм Заманбек Нұрқаділов осыдан 18 жыл бұрын, дәл осы қарашаның 12-і күні Алматыдағы үйінде жұмбақ жағдайда қаза тапты.
Ресми тергеу Нұрқаділов өз-өзін атып қаза болған деген қорытынды жасады. Бірақ көпшілік сол кездегі Н.Назарбаев билігін сынаған қайраткер қастандықтың құрбаны болған деп есептейді.
Асыл кездік қын түбінде жатпайды. Жаңа Қазақстанның құрылғаны рас болса, елін сүйген ердің жұмбақ өлімінің шындығы ашылуы, айтылуы тиіс. Ақиқаттың ашылу жолында З.Нұрқаділовпен тонның ішкі бауындай жақын араласқан адам - сол уақыттағы оппозиция өкілі, қазіргі мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи тұруы тиіс. Бұл адамдық борыш, ар алдындағы аманат.
Қазағымның маңдайына сыймай кеткен азамат әр қазақтың жүрегінде қайсарлықтың сиволы ретінде мәңгі сақталмақ. Асыл ердің есімі ұмытылмайды.

 

 

 

 

Пікірлер