Қазақтың біртуар ұлдары. Бүгін - Бейімбет Майлин мен Мәлік Ғабдуллин дүниеге келген күн

1288
Adyrna.kz Telegram

Бүгін – қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, драматург Бейімбет Майлин мен қазақ совет жазушысы, Совет одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің туған күні.

Бейімбет Майлин - проза, поэзия, драматургия саласында бірдей қалам тартқан тұлға. «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмаларының, 25-ке жуық пьеса, либретто, сценарилердің, «Азамат Азаматович» романының авторы. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған.

Айта кетейік, жазушының 74 бүркеншік есімі болған.

«Үш бәйтеректің» бірі – Бейімбет Майлин 1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, саяси репрессияның құрбаны болды.

Мәлік Ғабдуллиннің көркем шығармадағы тырнақ алды туындылары дивизиялық, майдандық газеттерде жарық көрді. Шығармалары жеке жинақ болып, соғыстан кейін жарияланды. «Менің майдандас достарым», «Алтын жұлдыз», «Майдан очерктері», «Сұрапыл жылдар» атты кітаптарына енген әңгіме, очерктерінде М.Ғабділлин майдан өмірін суреттеп, жауынгер тұлғасын, совет адамдарының Ұлы Отан соғысы кезіндегі қаһармандардың бейнесін суреттеді.

Ленин ордені, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Ұлы Отан соғысы ордендерімен наградталған. «Қазақ халқының батырлар жыры» кітабы авторларының бірі.

Пікірлер