Назарбаев төрағалық еткен. Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорының кеңесін тарату туралы заңға қол қойды

1313
Adyrna.kz Telegram
Фото: sk.kz
Фото: sk.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық еткен "Самұрық-Қазына" басқару жөніндегі кеңесті таратты. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында 6-1-бап ("Қорды басқару жөніндегі кеңес") алынып тасталсын, - делінген қордың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазақстан Республикасының президенті қорды басқару жөніндегі кеңесті тарату мәселесіне қатысты қор туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды.

Айта кетейік, қорды басқару жөніндегі кеңес – міндетіне қор қызметінің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу кіретін консультативтік-кеңесші орган.

Пікірлер