Полиция Нұр-Cұлтандағы наразы аналарды қоршауға алды

2477
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан қаласында таңертеңнен бері наразылық білдіріп жатқан көп балалы аналарды полиция қоршауға алды. Олар Ақорданың алдындағы алаңда тұр. Ондаған аналар егер кешкіге дейін президент пен үкімет жетекшісі келмесе өздерінің аштық жариялап, тұрған жеріннен кетпейтіндерін айтады.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаев "полиция жасағы аналарды неге қоршауға алды" деген сұраққа былай жауап берді.

- Адамдар келген соң үкімет өкілдері шығып бәрін түсіндірді. Енді адамдар түсініп заң ретінде қарау керек қой. Мына алаңда біреуге қастандық істеп кетсе не болады?! Біздің қызметкерлер бұл кісілер тарағанша тұрады, - деді полиция өкілі.

Жиналған аналарға кей тұрғындар су әкелді, бірақ полицейлер олардың суын алып өзін қоршауға өткізбей қойды. Бірақ олардың не үшін жібермегенін полицейлер түсіндірмеді.

"Азаттық" радиосы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер