Талдықорғанда әскери қызметкер қарт әйелді өрттен аман алып шықты

2491
Adyrna.kz Telegram
Фото: : gov.kz
Фото: : gov.kz

Әскери полиция қызметкері қарт әйелді өрттен аман алып шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы El.kz-ке сілтеп.

17 қарашада Талдықорған қаласының Өтенай шағын ауданындағы Ыбыраймолдаев көшесіндегі тұрғын үйден өрт шыққан.

Сол күні демалыста болған Жетісу гарнизоны әскери полиция бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Ерлік Қанашев жанұшыр айқайлаған дауысты естіп, көмекке асыққан. Өртке оранған тұрғын үйге кіріп, өздігінен қозғала алмайтын егде жастағы әйелді сыртқа алып шыққан.

Батырлық танытқан қызметкер ас үйдегі жерден 25 литрлік газ баллонын сыртқа алып шығып, жарылыстың алдын алған.

Көмекке өрт сөндірушілер келіп, қызыл жалынды құрықтаған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер