Ресей президенттігіне түскен губернатор Аман Төлеев өмірден озды

5230
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Ресей Федерациясында губернатор болған Амангелді Төлеев 80 жасқа қараған шағында өмірден озды. Бұл туралы Telegram-арнасында Кемерово облысының қазіргі губернаторы Сергей Цивилев жазды, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.

"Аман Төлеев өмірден өтті. Ол 1997 жылдан 2018 жылға дейін Кемеров облысының губернаторы болды. Ашық-жарқын, біртуар азамат еді. Саналы ғұмырын Ресей мен Кузбасқа қызмет етуге арнады," - деп жазған Сергей Цивилев.

"Аман" аталып кеткен Амангелді Төлеев губернаторлық қызметті 20 жылдан астам атқарды. Ол экс-президент Борис Ельцин өз еркімен қызметтен кеткеннен кейінгі президент сайлауына кандидат ретінде қатысып, бақ сынаған. Ел ішінде "халықтық губернатор" делінетін Төлеев сонда 11 үміткермен бәсекелесіп, сайлауда төртінші орын алған.

2018 жылы "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өрттен кейін губернаторлықтан кеткен. Сол жылы Кузбасс кәсібіи білімді дамыту аймақтық институтының ректоры болып тағайындалған.

Кейбір мәліметтерге қарағанда марқұмның Кемеров қаласындағы № 1 орталық зиратында ұлының жанына жерленуі мүмкін екені айтылады.

Пікірлер