Газа секторында 17 қазақстандықтың қалғаны айтылды

1308
Adyrna.kz Telegram

Палестинаның Газа секторында қалған қазақстандықтардың саны аталды. Бұл туралы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.

«Қазақстанның 17 азаматы қалған. Қалғандары – солардың отбасы мүшелері. Біздің азаматтар туралы айтқанда олардың отбасы мүшелері туралы да айтамыз. Бұл нақты Газа секторындағы жағдай. Әкелінген 99 адамның бір бөлігі – еліміздің азаматтары. Қалғандары солардың отбасы мүшелері. Шекарадан шыққан кезде Израиль мен Мысыр тарабы біз ұсынған тізімді тыңғылықты тексереді. Шекарадан өтетін адамдардың арасында террористер жоқтығына, елден шығарғысы келмейтін адамдар еместігіне көз жеткізу керек», - деді Қайрат Омаров.

Сондай-ақ Израиль аумағындағы қазақстандықтардың есебі ерікті түрде жүргізілетіндіктен, нақты қанша адам барын дәл айту мүмкін еместігін түсіндірді. Бұған дейін Израильден елге оралғысы келетін Қазақстан азаматтары эвакуцияланғанын да еске салды.

Бұған дейін Газа секторында 161 қазақстандық бар екені айтылған болатын.

«Біз эвакуация ұйымдастырған кезеңде 161 адам болды. Оның 99-ы елге келуге ниет білдірді. Біз сондай мүмкіндік ұсындық. Бірқатар азамат, 17 адам мен оның отбасы мүшелері сонда қаламыз деген шешім қабылдады. Эвакуациядан түрлі себеппен бас тартты. Елге оралуға келіскендерді ғана әкелдік. Бұл бағыттағы жұмыстарымыз жалғасады. Келешекте қайтқысы келетіндер болса, олармен де жұмыс істейміз. Қолдарына билеті дайын, ұшып шыққысы келіп отырған азаматтар бар. Олармен Мысырдағы, Иорданиядағы, Израильдегі өкілдіктеріміз жұмыс істеп жатыр», - деді Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.

Пікірлер