Мемлекеттің бюджеттің 80 пайызы орнықты даму мақсаттарына сәйкестендірілді — Тоқаев

1252
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің 80 пайызы орнықты даму мақсаттарына сәйкестендірілді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасына (СПЕКА) қатысушы мемлекет басшыларының бірінші саммитінде айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Геосаяси тұрғыда бөлшектену белең алып, жаһандық экономиканың конъюнктурасы құбылып тұрған қазіргі жағдайда Арнайы бағдарламаның мән-маңызы арта түседі. Ортақ мүддені ескере отырып, СПЕКА-ны одан әрі дамыту жөнінде өз көзқарасымды ортаға салуға рұқсат етіңіздер.

Орнықты даму қағидаттары мемлекеттеріміздің ұлттық стратегиялары мен бағдарламаларының өзегіне айналды.

Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің 80 пайызы орнықты даму мақсаттарына сәйкестендірілді»,—деді ол.

Президент ел үкіметінің басты міндетін де атап өтті.

«Үкіметіміздің ең басты міндеті – сапалы білім беру мен денсаулық сақтау ісінің баршаға қол жетімді болуын қамтамасыз ету. Жуырда күшіне енген жаңа Әлеуметтік кодексте әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарды қорғау тетіктері жетілдірілді»,—деп толықтырды Тоқаев.

Пікірлер