Мәжіліс депутаттары «баспасөз картасы» ұғымын енгізуге қарсы – Сүлейменова

1176
Adyrna.kz Telegram
Сурет: aikyn.kz
Сурет: aikyn.kz

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Алматыда өткен XV «Media Құрылтай 2023» салалық конференциясында заңнамадан «баспасөз картасын» алып тастау ұсынылғанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Үкіметтен келген нормада журналистерді аккредиттеу, жеңілдетілген аккредиттеу және баспасөз картасы атты үш ұғым берілді. Біз негізгі толыққанды бір ұғым, яғни, аккредиттеуді қалдыруды сұраймыз. Себебі ол ортақ реттелген тәртіпке негізделуі қажет. Егер оның жеңілдетілген, онлайн немесе басқа да түрлері болса, азаматтар арасында түсініспеушілік, журналистер арасында теңдік мәселесіне қатысты сұрақтар туындайды. «AMANAT» партиясы фракциясы депутаттары баспасөз картасы туралы норманы қолдамайды және ол норманы алып тастауға байланысты түзету енгізілді», – деді Сүлейменова.

Депутаттың айтуынша, баспасөз картасы журналистің аккредиттеу рәсімінен өткенін растайтын құжат болып саналады. Бұл бапты «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы заңы талаптарына сәйкес келмейтіндіктен және журналистерді аккредиттеу рәсімінің қолданыстағы талабына қайшы болғандықтан толығымен алып тастау ұсынылады.

Пікірлер