Әнші Ақжол Мейірбеков өмірден озды

9743
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз беттерінен
Фото: ашық дереккөз беттерінен

«Дос-Мұқасан» ансамблінің солисі, әнші Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Kznews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Әншінің неден көз жұмғаны әзірге белгісіз.

Ақжол Мейірбеков 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген.

1978 жылы «Дос-Мұқасан» ансамбліне қабылданады да, арағы жылдар салып музыкант 2010 жылы қайтадан «Дос-Мұқасан» тобына оралып, осы күнге дейін ансамблдің солисі болды.

Ақжол Мейірбеков – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, құрмет орденінің иегері және ерен еңбегі үшін медалінің иегері.

Әншінің отбасында жары Шарипа ханым, балалары – Луиза, Сұлтан және Тимур және 8 немере мен 1 шөбересі бар.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер