Спортшы Қуат Хамитов қазақ футболшыларын сынады

1252
Adyrna.kz Telegram

Танымал спортшы Қуат Хамитов қазақ футболшыларын сынап, олардың жетістіктеріне көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Ережесіз жекпе-жек шебері өзінің Instagram парақшасына футболшылар туралы бейне-үндеуін жариялады.

Найман атымен танылған спортшы футболшыларға көңілі толмайтынын және олардың жалақысына тоқталды.

“Жігіттерге айтарым бар. Мен осы футбол тақырыбын 2016-2017 жылдардан бері көтеріп келемін. Сол кездерден бері араларыңнан бір ер жігіттің шықпағаны ма? Бүкіл футбол қауымдастығында бір жігіт жоқ па? Бәрің ауылдан шығарсыңдар, елде жағдай нашар екенін көріп жүрсіңдер ғой. Ауылдарда жол, медицина, аурухана, жедел жәрдем көлігі жоқ, не жұмыс жоқ. Жастар қандай іспен айналысарын білмейді. Осы күнге дейін футболшылардың арасынан бір адам шыға ма деп күттім. “Жігіттер, халықтың ақшасын алғанды тоқтатайық, 30 жылда футболға 1,5 миллиард ақша кетті. Көрсетіп жатқан нәтижеміз жоқ. Не бір жарыстан ұтпадық. Әлемдік рейтингте 99-100-орында тұрмыз. Халықты тонағанды тоқтатып, демеушіні өзіміз тауып, шамамыз келгенше өзіміз нәтиже көрсетейік» дейтін бір жігіт шыға ма деп едім! Жоқ», – деді спортшы.

Футболдан Ұлттық құрама спортшылары Еуропа чемпионатына іріктеуде Словениядан 2:1 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шыққан еді. Ал ҚФФ президенті бас бапкерге жаңа көлік сыйлады.

Пікірлер