Бірлігі бекем ел биікті бағындырады. Мәулен Әшімбаев Президенттің бір жылда атқарған жұмыстарына тоқталды

1522
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалпыұлттық сайлауда жеңіске жетіп, ел президенті қызметіне кіріскеніне тура бір жылдың жүзі толған. Атаулы күнге орай Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook парақщасында жазба жариялады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Мәулен Әшімбаев әлеуметтік желідегі парақшасында:

Аталған сайлауда Қазақстан халқының басым көпшілігі мемлекет басшысы ұсынған реформалар бағдарламасын және Әділетті Қазақстан құру бағдарын қолдап, дауыс берген еді. Осы уақыт ішінде еліміздің қоғамдық-саяси өміріне және экономикасына әсер еткен айтарлықтай өзгерістер болды. Биліктің барлық тармақтары қайта жаңғыртылды. Саяси жүйені демократияландыру жолында маңызды қадамдар жасалды. Тежемелік пен тепе-теңдік жүйесі күшейе түсті. Өңірлердің дербестігі де нығайып келеді. Әкімшілік реформа іске асырыла бастады, - деді төраға.

Сондай-ақ ол сайлау жүйесі де жаңартылғанын тоқталды. "Ұлттық қор-балаларға" атты президенттік бағдарлама барысын атап, аудандар мен ауыл әкімдерінің сайлауын айтты.

Халықтың әл-ауқатын жақсарту және өмір сүру сапасын арттыру бағытында да ауқымды жұмыс атқарылды. Әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыру үшін арнайы Әлеуметтік кодекс қабылданды. «Жайлы мектеп», «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту», «Ауыл аманаты» сияқты ұлттық жобалар жүйелі түрде іске асырылып келеді. Келесі жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» президенттік бағдарламасы аясында төлемдер төлене бастайды.

Сенат төрағасы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саясатын қолдап, мемлекет басшысының төңірегіне топтасуы аса маңызды екенін жеткізді.

«Бірлігі бекем ел биікті бағындырады» дейді. Шын мәнінде біз әділетті, жаңарған, инклюзивті және демократиялық Қазақстан құру жолында жұдырықтай жұмыла білсек, көздеген мақсаттарымызға қол жеткіземіз», - деп түйіндеді сөзін Мәулен Әшімбаев.

Пікірлер