«Кітап-AMANAT» мәдени-ағарту орталығының ашылуы өтті

1122
Adyrna.kz Telegram

Бүгін «AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалында «Кітап-AMANAT» мәдени-ағарту орталығының ашылуы өтті.

Алғашқы осындай орталық ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың қатысуымен ашылды.

Жобаның мақсаты – «AMANAT» партиясы жанынан оқырман мәдениетінің құндылықтарын қалыптастыратын зияткерлік эко-қоғамдастық құру.

Жобаның өзектілігі - Қазақстанның прогресс және үдемелі даму жолы, инклюзивті экономика құру азаматтардың қоғамдық санасының өзгеруімен және Ұлттың жаңа сапасының қалыптасуымен байланысты екені белгілі.

Бұған мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Адал азамат» тұжырымдамасының мәнін ашып, шақырады. Жаңа формациядағы азаматтардың жоғары интеллектісі мен ой-өрісі Қазақстанның бәсекеге қабілетті адами капиталы бар елге айналуының негізгі факторларына айналуы тиіс.

Сонымен қатар, әлемдік үрдістерге сүйене отырып, Қазақстанда креативті индустрияны дамыту қажеттілігі туындады, оның негізін адамдардың зияткерлік және шығармашылық капиталы құрайды. Ел Президентінің «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» жолдауында көрсетілген креативті индустрияның өңірлік орталықтарын ашу жөніндегі міндеттер зияткерлік қызметпен байланысты экономиканың осы секторының сапалы серпілісіне ықпал ететін болады.

Қарағандыда «Кітап-AMANAT» орталығын Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, оның орынбасары Ерлан Құсайын, «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова, партияның облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков ашты. Салтанатты ашылу салтанатына Қарағанды қаласының құрметті тұрғындары, ағарту ардагерлері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды бөлімшесінің директоры Серік Ақсұнқарұлы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры Қойылыбай Асанов, "Ortalyq Qazaqstan" газетінің бас редакторы Еркін Мұсабеков және өңіріміздің шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.

Салтанатты іс-шара барысында аукцион өткізіліп, мазмұны жағынан бірегей басылымдар ойналды.  Облыс әкімі де бей-жай қалмады және орталықтан автор Джек Маннның қазақ редакциясындағы кітапты сатып алды.

«Кітап-AMANAT орталығы ашылумен шын жүректен құттықтаймын! Жақсы кітап - ақылды адамның әңгімесімен бірдей.» деп атап өтті Ермағанбет Қабдулаұлы.

Қарағандылықтар үшін қаланың қоғамдық көлігінде QR көмегімен кітап оқу мүмкіндігі жағымды сыйлық болды. Енді жолдағы кез-келген жолаушы өзіне ұнайтын кез-келген кітапты кодты сканерлеу арқылы онлайн форматта оқи алады.

«Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.» деп қосты Серік Ақсұңқарұлы.

Қарағанды қаласындағы «Кітап-AMANAT» мәдени-ағарту орталығының мекенжайы: Әлиханов көшесі 4, «AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалы.

Пікірлер