Елордада осы аптада қандай іс-шаралар өтеді

594
Adyrna.kz Telegram

Елорданың мәдениет мекемелері осы аптаға түрлі іс-шаралар өтетін бағдарлама дайындап отыр. Бағдарламада концерттер, көрмелер, фестивальдар және т.б. бар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

27 қараша
Сағат 19.00-де Ә.Мәмбетов атындағы драма және комедия театрының сахнасында «Момындар зынданы» спектаклі өтеді.

Дәл осы уақытта Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Жұбанов жаққан жұлдыздар» концерті өтеді.

Сонымен қатар, «QAZAQSTAN» ОКЗ-да симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен италиялық тенор Алессандро Сафиннің концерті өтеді.

28 қараша
Сағат 19.00-де «Астана Опера» «Элегиялық көңіл-күй» концертіне шақырады.

Ал музыкалық спектакль сүйетіндер үшін Музыкалық жас көрермен театрының әртістері «Гауһартас» драмасын дайындап отыр.
Басталуы: 19.00.

29 қараша
Сағат 19.00-де «Жастар» театрының сахнасында «Қиянат» драмасы қойылады.

Осы уақытта «Жастар» сарайында «ҚР Композиторлар одағы» концерті өтеді.

Сонымен қатар, М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры көрермен назарына «Жизнь без...» қойылымын әзірлеп отыр.

30 қараша
Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында 11:00-ден 19:00-ге дейін «Тәттілер мұражайы» көрмесі өтеді.

«Жастар» театры сағат 19:00-де «Жанарымдағы жалғыз әуен» театрландырылған концерттік бағдарлама өткізеді.

Сонымен бірге Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының сахнасында «Болмаған балалық шақ» спектаклін көрсетеді.

1 желтоқсан
Астана балеті астаналықтар мен қала тұрғындарын «Ромео мен Джульетта» балетіне шақырады.
Басталуы: 19.00.

Дәл осы уақытта Қ.Қуанышбаев атындағф мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры «Жұбайлар жұмбағы» спектаклін көрсетеді.

Сонымен қатар, Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Белеске жету жолында» гимнастиканың шығармашылық кеші өтеді.

19:30-да Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында Ерболат Байдауровтың «Юрий Шатуновты еске алу кеші» концерті өтеді.

2 желтоқсан
Сағат 16:00-де елордалық цирк «AQUAMARINE» бағдарламасын ұсынады.

Сағат 18:00-де Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры «Хат» спектаклін көрсетеді.

Сағат 19:00-де «QAZAQSTAN» ОКЗ сахнасында «Шәмші Әлемі» концерт-спектаклі өтеді.

3 желтоқсан
Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Қыз Жібек» спектаклі көрсетіледі.
Басталуы: 18.00.

Сағат 19.00-де Astana Music Hall сахнасында «Әзіл кеші» комедиялық шоуы өтеді.

Дәл осы уақытта Лия Ахеджакованың қатысуымен «Мой внук Вениамин» спектаклі басталады. Әйгілі кеңестік актриса Ә.Мәмбетов атындағы драма және комедия театрында өнер көрсетеді.

Пікірлер