Астанада аула клубтары 3 300-ден астам баланы қамтиды

261
Adyrna.kz Telegram

Бүгінде елордада 3 300-ден астам баланы қамтитын 20 аула клубы жұмыс істейді. Олардың жұмысы туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының м.а. Бағдат Атымтай айтып берді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Спикер аула клубтарының қызметі жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайтуға, балалардың денсаулығын жақсартуға және олардың белсенділігін арттыруға тікелей әсер ететінін атап өтті.

Жыл сайын аула клубтарының қабырғаларында халықтың әлеуметтік осал топтарынан, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан жүздеген бала тәрбиеленеді.
Сондай-ақ оларға ювеналды полицияда есепте тұрған кәмелетке толмағандар да келеді.

«Астанадағы 20 клубта 7-29 жас аралығындағы балалар мен жастар арасынан 3300-ге жуық тәрбиеленуші бар.
Үйірмелер мен секциялар саны – 130. Олар спорт секциялары – 74, шығармашылық бағыттағы үйірмелер – 56, оның ішінде бокс, каратэ, түрлі би үйірмелері, бейнелеу өнері, бағдарламалау, тілдерді оқыту және т.б.», - деді спикер.

Аула клубтарының тәрбиеленушілері Болгария, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Италия елдерінде, Астана, Алматы, Көкшетау, Атырау, Ақтау, Шымкент, Қарағанды қалаларында өткен бірнеше жарыстың жүлдегері атанды.

«Басты мақсатымыз – аула клубтарының санын көбейту және сапасын арттыру. Бұл бағытта жұмыс жалғасады», - деп атап өтті Бағдат Атымтай.

Пікірлер