Хостелдегі өрт. Үкіметтік комиссия құрылды

1072
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Алматыдағы хостелдегі өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде орын алған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.

Оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері кірді. Комиссия төрағасы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына шұғыл аттанды.

Үкіметтік комиссия өрт салдарынан болған қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты тексеру жұмыстарына дереу кірісіп, зардап шеккендерге бірінші кезектегі көмек көрсетеді.

Хостелдегі өртке байланысты үкімет комиссиясы құрылды.

Айта кетейік, ресми дерек бойынша, хостел орналасқан ғимарат 1956 жылы салынған. Хостелден бөлек, онда тұрғын үй орналасқан. Ресми ақпарат бойынша, хостелдің ашылғанына 1,5 ай болған.

Еске салсақ, бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін таңертең Алматыда орналасқан хостелдердің бірінен өрт шығып, 13 адамды ажал құшты.

Пікірлер