Алматыда өртенген хостел заңсыз жұмыс істеген

2539
Adyrna.kz Telegram
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ

Алматыда өртенген хостел заңсыз жұмыс істеген. Бұл туралы Алматы әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, ғимараттың иесі - «КУСА Халык» ЖШС. Жалға алушы – «ALA Hostel» ЖШС, жалдау жөніндегі келісім шарт 21.09.2023 жылы жасалған.

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: дүкенді пайдалану және қызмет көрсету үшін. Бұл нысан бір жарым ай бұрын хостелге айналды. Хостел алаңы 457 шаршы метр.

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңға сәйкес үй-жайларды қайта жабдықтау кезінде рұқсат құжаттарын алу керек. Оның үстіне Алматының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы қайта жабдықтауға арналған бастапқы рұқсат құжаттарын (АПЗ, шешім) бермеген. Дүкеннен хостелге функционалдық мақсаты өзгерген кезде санитарлық-эпидемиологиялық, құрылыс талаптары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін орындауы қажет», - делінген хабарламада.

Хостелді жертөле және жертөле қабаттарында орналастыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың 23-тармағына сәйкес тыйым салынады.

Осылайша, жоғарыда аталған мекенжай бойынша хостел санитарлық-эпидемиологиялық, құрылыс талаптары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып, заңсыз орналасқан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін таңертең Алматыда орналасқан хостелдердің бірінен өрт шығып, 13 адамды ажал құшты. Белгілі болғандай хостелдің іске қосылғанына не бәрі 1,5 ай болған. Онда шетел азаматтары тұрған. Сонымен қатар өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.Өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет белгілі болған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер