«БИЖАН ет комбинаты»: Алматыдағы алып кәсіпорында 235 адам жұмыс істейді

1055
Adyrna.kz Telegram
node2.akorda.kz
node2.akorda.kz

«БИЖАН ет комбинаты» ЖШС мегаполисте орналасқан ең ірі кәсіпорын. Алматы қаласынан бөлек, күллі Қазақстанды жоғары сапалы шұжық пен ет өнімдерімен қамтамасыз етеді. Мұнда 100-ден астам ет өнімдері шығарылады. Компанияның іргетасы қаланғанына аттай-25 жыл!
«Бижан» ЖШС директорының орынбасары Бақытжан Қадырбаевтың айтуынша, мұнда шикізат өнімі өз елімізден әкелінеді. Компанияның Көкшетау қаласында ірі қара, мал бордақылайтын орны бар. Сол себепті оларға шикізатты тасымалдау қиынға соқпайды. Алматыдағы кәсіпорында 235 адам жұмыс істейді. Мұнда жұмысшыларға барлық жағдай жасалған. Кәсіпорынның Алматыда – 20, Астанада – 8 фирмалық дүкені бар, – дейді директордың орынбасары Бақытжан Қадырбаев.
Кәсіпорын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы «Басымды жобаларды несиелендіру және қаржылық лизинг тетігі» бағдарламасы бойынша инвестицияны қаржыландыруға ие болған. Бағдарлама шарттарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылдық 15%-дың 9%-ын құрайды. Бүгінде жаңа зауыттың арқасында жаңа жұмыс орындары ашылған.

Пікірлер