Алматыда құны 980 миллион теңгенің зауыты іске қосылды

745
Adyrna.kz Telegram
basnews.kz
basnews.kz

Жаңа нысан шаһардағы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында бой көтерді, деп жазды «Адырна» тілшісі.

Инвестициялық жобаны 1976 жылдан бастап мұнай-газ және электротехникалық өнімдер нарығында танымал малайзиялық компанияның Орталық Азия өкілдігі жүзеге асырды. Өндіріс процесінде төмен вольтты жүйенің инновациялық технологиясы қолданылатын болады.

Бірегей жобаны малайзиялық компанияның Орталық Азиядағы өкілдігі жүзеге асыруда. Олар 1976 жылдан бастап, бастап мұнай-газ және электротехникалық өнімдер нарығында бәсекеге қабілетті зауыт ретінде танымал.
Компания директоры Тан Мэй Йок, «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында 2017 жылдан бері мүшеболғандарын атап өтті. Оның сөзінсе, Қазақстанда зауыт ашу Орта Азия мен Дубай, Еуропаға өнімді өткізуге қолайлы екен. Таяу болашақта зауыт өнімдері «Қазақстанда жасалған» таурлық белгісімен шығарылмақ.

– Біздің басты мақсатымыз – электрқалқан жабдықтарын көбірек шығару. Осы арқылы мұндай өнімдердің импортын азайтуға үлес қосқымыз келеді. Жергілікті сұранысты арттыруды көздеп отырмыз. KZ сертификациясын алған соң, бірден мұнай-газ саласы мен тау-кен өнеркәсібіне де арнайы жабдықтар шығарамыз, – деді зауыттың маркетинг және даму жөніндегі инженері Жахонгир Оңғаров.
Биыл әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес барысында Мемлекет басшысы маңызды инвестициялық жобаларға прокурорлардың қатысуымен инвестиция тартудың маңызды екенін айтқан еді. Аталған тапсырма бойынша қазір қарқынды жұмыс жүргізілуде.
– Қазіргі таңда прокуратура органдары маңызды инвест жобаларға қолдау көрсетуде. OISB Kazakhstan-ның құқықтық сұрағына Медеу ауданының прокуратурасы көмек көрсетіп, мәселе шешілуде, – деді Медеу ауданы прокурорының орынбасары Бауыржан Төлендинов.

– Бүгін іске қосылған жобаны толықтай шетелдік инвесторлар қаржыландырды. Қазір құны 20 миллиард теңгеден асатын 15-ке жуық жоба жүзеге асырылуда. Оларға Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтары бірдей көмек көрсетеді. Жер учаскесімен қамтамасыз ету, кей салықтан уақытша босату және кедендік жеңілдіктер қарастырылған, – деді «Алатау» технопаркі» ИТП АЭА ЖШС басқарушы компаниясының бас директоры Олжас Сартаев.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 2 мыңға жуық өнім шығаруға қауқарлы. Электротехникалық жабдықтар мен электр энергиясын тарату жүйелеріне елімізде сұраныс жоғары.
Қомақты қаржыны қажет еткен жобаның алғашқы фазасында 50 жұмыс орны ашылады. Бәсекеге қабілетті зауыт алдағы уақытта Қазақстанда жасалған өнімдерді әлемдік нарыққа шығаруды жоспарлауда.
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында бүгінде 6700-ден астам жұмыс орны бар. Ал қазақстандық-малайзиялық бірлескен жобаға жергілікті мамандар тартылады.

Пікірлер