Дін атын жамылғандар өз Отанын сүйе ме?

7360
Adyrna.kz Telegram

Қазақ қоғамында қазіргі таңда осы сұрақ жиі қойылып жүргені жасырын емес.   Халқымызда «Отан қадіріне жетпеген – өз қадіріне жетпейді» деген аталы сөз бар. Отанды сүюиманнан екенін біздің ата-бабамыз бізге ұғындырып кеткенін тарихтан білеміз. Ислам дінінің барлық парызын орындай жүріп, еліне жау шапқанда, Отанының шекарасында тұрып, қорғаған сол батыр бабалардың рухынан нәр алған біздің тектілігіміз туған жерді, елді шынайы сүюге түрткі болса керек-ті.

Қазіргі діни ахуал ушығып тұрған сәтте дін атын жамылған кейбір топ өкілдерінің Отанына деген сүйіспеншілігі мен оны қорғауға деген құлқы мүлде жоқ деп пайым жасап жатамыз. Мұндай пікірлердің қалыптасуына да түрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Осы көтерілген тақырып турасында имам Қондыбай қажы Акпаров өз пікірін білдірген болатын.

«Отанбіздің ортақ шаңырағымыз. Оны қорғап, сақтауды адамзаттың асылы болған Пайғамбарымыз да ұрпаққа аманаттай білген. Ислам діні қашанда Отанды сүюге, оны қадірлеуге назар аударған.  Пайғамбарымыз: «Шекараны, Отанды қорғау үшін бір күн, бір түн күзетте тұру, бір ай нәпіл ораза ұстап, түнде намаз оқудан қайырлы, – депті.  Исламда бес нәрсеніОтаныңды, дініңді, ұятыңды, жаныңды, дүниеңді қызғыштай қорғау парыз етіледі.  Осының ұшар басында ең әуелі Отан тұр. Неге? Өйткені Отаныңа шынайы жаның ашып, қорғай алмасаң, қалған төртеуінен айырылып қалу оп-оңай. Біз осыны ұғынуымыз керек. Бүгінде дін жолына бет бұрғандар арасында елімізді қорғауға енжарлық танытатындар көп деп айып тағып жатамыз. Бәлкім, бар шығар, бірақ бес саусақ бірдей еместігін де еске салған жөн. Отанды сүюотбасынан басталады. Шаңырақтағы әке ұлын өз туған жерін, кіндік қаны тамған елін сүйіп, қадірлеуді жастайынан санасына сіңірсе, енді өсіп келе жатқан «жас шыбық» әке ақылынан алшақ кетпейді», – деді дін өкілі.

Отанға деген махаббат, сүйіспеншілік адам талғамайтыны шындық. Пайғамбар да, патша да, халық та Отанын сүйіп, құрметтеуі парыз. Өйткені барлығымыздың бар асыл құндылығымыз олОтанымыз. Отанның қадіріне жетпеген ұлттардың тағдыры не болғанын арғы-бергі тарихтан жақсы білеміз.

Ата-бабадан ұрпаққа мирас болған Отанымызды қорғау – ұлы парыз. Діни жамағаттың арасында да өз ұлтына, Отанына деген сүйіспеншілік қалыптасқан азаматтар барына шүбә келтіруге болмас. Отанды қорғау дінге, ұлтқа бөлінуге болмайтынын ескерген жөн, ағайын!

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер