Абайдың «қара сөзін», алаштың әдебиетін терең зерттеген

4819
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚазҰӨА
Фото: ҚазҰӨА

Бүгін – әдебиет зерттеушісі, профессор Ханғали Сүйіншәлиевтің (1918-2006) туғанына 105 жыл толды.

Ханғали Сүйіншәлиев – көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор, қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Ол елуден астам кітап шығарып, төрт жүзге тарта ғылыми мақала жариялаған.

Зерттеуші 1943 жылы Орал педагогика институтын бітіріп, кейіннен Ұлы Отан соғысына қатысқан.1943-1953 жылы Орал педагогика институтында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1953 жылдан бастап ҚазМУ-де оқытушы, доцент, профессор. Ғылыми-зерттеушілік еңбектерін қазақ әдебиеті тарихы мен теориясына арнап, сондай-ақ Абай сөздерінен кандидаттық қорғаған. Зерттелерінің нәтижесінде әкімшіл-әміршіл жүйенің кереғар пікірлеріне қарсы күресе жүріп, қазақ әдебиеттану ғылымының керегесін кеңейтті, әдебиет тарихын жаңа биік сатыға көтерді.«Қазақ әдебиетінің тарихы», «Абай Құнанбайұлының прозасы» сынды танымал ғылыми еңбектер мен жоғары оқу орындарына арналған бірнеше оқулықтардың авторы.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер