Назарбаев Университетінің мәртебесі мен бағытын өзгертпейміз – Саясат Нұрбек

1075
Adyrna.kz Telegram
Сурет: nu.edu.kz
Сурет: nu.edu.kz

Назарбаев Университеті ерекше мәртебесінен айырыла ма? Бұл сұраққа Үкіметтегі брифинг барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Министр атап өткендей, университеттің мәртебесі жеке заңмен нақты бекітілген, министрлік оны жоюға немесе өзгертуге ниетті емес.

«Сонымен бірге қазір өздеріңіз білетіндей, заңға белгілі бір өзгерістер енгізілді, премьер-министр басқарған Қамқоршылық кеңес пен Жоғары Қамқоршылық кеңес құрылды. Университеттің қаржылық бөлігін жақсарту үшін де, ғылыми-зерттеу әлеуетін күшейту үшін де белгілі шаралар қабылданатын болады. Сондықтан түзету шаралары міндетті түрде болады. Бірақ, жалпы, біз бұл оқу орнының мәртебесі мен  бағытын өзгертпейміз», – дейді Саясат Нұрбек.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев дербес білім беру ұйымдарының Жоғары қамқоршылық кеңесінің басшысы мәртебесінен айырылды. Ал жақында қазақстандықтар Назарбаев Университетін қаржыландыруға ықпал ете алатыны белгілі болды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер