Газбен жүретін көліктерге арнайы белгі орнату міндеттелді

2395
Adyrna.kz Telegram
Фото: shutterstock
Фото: shutterstock

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап газбен жүретін автокөліктерге арнайы белгі жапсыру міндеті енгізілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

1 қаңтардан бастап Қазақстанда газ баллон жабдығы бар көліктерге арнайы белгі орнату қажет. Белгі қара жиегі және "GAS" жазуы бар сары теңбүйірлі үшбұрыш болады.

Арнайы белгі жабық паркингке кірген кезде көліктерді оңай ажыратуға және тиімді бақылауға көмектеседі.

Газбен жүретін, бірақ көлігінде "GAS" белгісі жоқ жүргізушілерге 3 АЕК (2024 жылы 11 076 теңге) айыппұл салынады.

Сауда министрлігінің ақпаратынша, елімізде газ баллон жабдығы орнатылған 380 мыңнан астам автокөлік тіркелген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер