Үшқоңыр жайлауы әлі жабық. Депутат та өте алмады

1152
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Алатау баурайындағы Үшқоңыр жайлауы әлі жабық. Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай қоршалған жерге кіре алмады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбайдың Үшқоңыр жайлауында түсірілген видеосы желіде тарады. Видеода депутат жайлау қарулы күзетпен қоршалғанын айтады.

«Мында жолды жауып тастаған қарулы күзет тұр. Ел өзінің малына, жайылым жеріне бара алмай отыр. Ешкімді кіргізбей тұр. “Бастықтар ұрысады” дейді. Мені де кіргізбеуі мүмкін. Жеке мемклекет…

15 гектар жерді иеленіп алған. Мал бар деп ойламаймын бұл жерде. Осы жолмен баратын Назарбаевтың резиденциясы бар. Мемлекет органдар қолымыздан ештеңе келмейді дейді. Сонда мұның жоғары жағында кім отыр? “Назарбаев болмаса, басқа кім?” деген ойда тұрмын. Бұл жолды жабуға ешкімнің құқығы жоқ”, - деді депутат.

Пікірлер