Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға 109 миллиард қаржы жұмсалмақ

1021
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Алдағы екі жылда мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға 109 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТаг-қа сілтеме жасап.

«Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жалпы сомасы:

2024 ж. – 54 005 989;

2025 – 55 389 813», – делінген бюджеттік бағдарлама жобасында.
Бұл ретте бес жыл ішінде дәл осы мақсаттарға жалпы сомасы 286,5 млрд. теңге сұралды:

2021 – 58 800 835 900 теңге;

2022 – 55 405 924 000 теңге;

2023 – 62 900 211 000 теңге.
Сипаттамаға сәйкес, «шығындар мемлекеттің ақпараттық саясатының тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған».

«Мақсат: мемлекеттің ақпараттық саясатының тиімділігін және отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру», - делінген құжаттың сипаттамасында.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер