Қазақстан Қарулы күштері бас штабының басшысы ауысты

1465
Adyrna.kz Telegram
Сұлтан Бүркітбайұлы
Сұлтан Бүркітбайұлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаеатың өкімімен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы ауысты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Президент өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ мемлекет басшысының өкімімен бұған дейін бұл қызметті атқарған Марат Рақымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.

Сұлтан Бүркітбайұлы 1965 жылы 12 ақпанда Астрахан облысы, Володар ауданы, Зеленга ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Ташкенттегі жоғары командалық танк училищесін. 1997 жылы – Бронды танк әскерлерінің Әскери академиясын. 2010 жылы – Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.

Пікірлер