Ыстанбұл шіркеуіндегі атыс. Ұсталған күдіктілер арасында Ресей азаматы бар

976
Adyrna.kz Telegram

28 қаңтар күні Түркияда болған шіркеудегі атысқа қатысы бар деген күдікпен 47 адамды ұстаған. Олардың арасында Ресей азаматы да бар. Бұл туралы Түркия Ішкі істер министрлігінің басшысы Әли Ерлікая мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Шіркеуге қарулы шабуыл жасау туралы істі тергеу аясында 30 мекенжай бойынша операциялар жүргізілді, нәтижесінде 47 адам ұсталды. Оның ішінде бір Ресей азаматы және бір Тәжікстан азаматы бар. Олардың «Ислам мемлекетіне» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым ) қатысы болуы мүмкін», - деді ол.

Министрдің айтуынша, ұсталғандар қауіпсіздік басқармасына жеткізілді, олардан төтенше жағдайға қатысты жауап алынады.

«Ыстанбұл ғасырлар бойы әртүрлі конфессияның өкілдері үшін пана болды, алдағы уақытта да солай болып қалады. Біз еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты бұзғысы келетіндерге ешқашан жол бермейміз», - деп атап өтті Әли Ерлікая.

Еске салайық, жексенбі күні таңертең екі қарулы адам Ыстанбұлдағы христиан шіркеуінде оқ жаудырған. Оқиға кезінде бір адам қаза тапқан болатын.

Пікірлер