АРЫСТАҒЫ ЖАРЫЛЫС КЕЗІНДЕ ТОЛҒАҒЫ ҚЫСҚАН ӘЙЕЛДІ БОСАНДЫРҒАН ҰСТАЗДАР!

1984
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысы Арыс қаласында жарылыс болған сәтте ҰБТ өткізу орталығында болған БҒМ қызметркелері QAZAQSTAN ұлттық арнасының тікелей эфирінде, болған оқиғаны баяндап берді. Олар толғағы қысқан жүкті әйелді босандырып алған.

«Жарылыс болған уақытта не істерімізді білмей, қаша бастадық. Қаланы білмегендіктен, қайда барарымызды білмедік. Аяғымыз қансырай жүгірдік. Сыртта көліктер балаларды алып кетіп жатты. Біз балалар барсын деп, көлікке отырмадық. Жаяу жүрдік. Бір кезде жас жігіт тоқтады. Есімі Досмұхамед. Бізді 41-ауылға дейін жеткізіп тастады. Жол бойында әжелерді, балаларды алды», - дейді БҒМ қызметкері Жанат Нұржұманова.  Олар жүкті әйелді көріп, босануға көмектескен. Балбөпе Өтенова мен Жанат Нұржұманова, Шайза Доскаева, Ақжар ауылында барар жолда жүкті әйелді босандырды.

«Жүкті әйел өте мықты екен. Таңертең толғағы басталып, Арысқа ауруханаға барған. Алайда жарылыс болып, ол жерден акушермен бірге қашқан. Бірнеше шақырымды жаяу жүрген. Біздің көлік тоқтағанға дейін жаяу жүріпті. Жүкті әйелдің шыдамы тауысылғанда бірінші кездескен үйге тоқтадық. Бәрі сәтті өтті», - деді Балбөпе Өтенова.

Айтуынша, сәбидің салмасы үлкен болғандықтан босандыру да қиынға соғыпты.

«Бойжеткен қуаныштан баласының есімін көлік жүргізушісінің құрметіне қоймақ еді. Өмірге келген сәби қыз бала болды. Сондықтан жүргізушінің анасының есімімен Камила деп қойды», - дейді ол.

Босанған әйелдің есімі Кенже. 1996 жылы туған қыз. Бұл оның екінші баласы екен. Министрлік қызметкерлері әйелдің күйеуіне әке болғанын хабарлап, өздері әрі қарай кете барды.

 

Илхам Ибрагим

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер