Атырауда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат табылды

731
Adyrna.kz Telegram

Атырауда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Атырау облысы бойынша ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері сот орындаушыларының шешімдері негізінде іздеуде жүрген борышкерлерді анықтауда.

«Өткен жылы Атырау облысында жүзден астам борышкерге іздеу жарияланды.Қызметкерлер 79 борышкердің тұрғылықты жерін анықтады.Олар арнайы есептен шығарылды. Іздеудегі борышкерлер қатарында қазақстандық азаматтармен қоса шетелдіктер де бар», - деп түсіндірді облыстық полиция департаментінен.

27 ақпанда қызметкерлер Өзбекстан азаматын анықтады. 32 жастағы әйел «борышкер» санаты бойынша мемлекетаралық іздеуде болған.

"2022 жылдың 5 желтоқсанында шетелдік азаматқа 53 603 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Одан қарыз өндірілді. Сондай-ақ ол елде болу заңдылығын бұзды. Ол қайтадан әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген департамент хабарламасында.

Пікірлер