Қазақстан боксшылары Литвада 6 алтын медаль алды

3123
Adyrna.kz Telegram

Литваның Каунас қаласында бокстан өткен Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнирдің финалында Қазақстан құрамасынан тоғыз боксшы шаршы алаңға шығып, оның алтауы алтын медаль иеленді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлімдеді,  деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, 57 келіге дейінгі салмақта Асылжан Серікбай украиналық Денис Роздольскиді екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен ұтты.

  • 63,5 келі салмақта ирландиялық Паул Хэйл Джон жекпе-жектен бас тартып, Жандос Қыдырәлиев тағы бір алтын медальды иеленді.
  • 67 келі салмақта Елнұр Сүйінбай Польша өкілі Кирилл Глобенкодан басым түсті.
  • 71 келі салмақта отандасымыз Фарух Тоқтасынов соңғы жекпе-жегінде украиналық Максим Молоданны жеңіп кетті.
  • 75 келі салмақта Азамат Бектас тағы бір Польша өкілі Михал Ярлинскиді сан соқтырса, 80 келі салмақта Тұрсынбай Құлахмет британдық Рамтин Мусадан басым екенін дәлелдей алды.

Ал шешуші жекпе-жекте Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), Алмат Әбдуәли (60 кг) және Абзал Құттыбеков (86 кг) төрешілер шешімімен қарсыластарына жол берді.

Осылайша, жерлестеріміз аталған халықаралық турнирде 6 алтын, 3 күміс, 2 қола медальге ие болды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер