Орталық Азиядағы су ресурсының тапшылығы. Өзбекстан ГЭС каскадын салуды бастады

832
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Өзбекстан Орталық Азия елдеріндегі су ресурстарының тапшылығына қарамастан ГЭС құрылысын салуды бастады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Атамекен Бизнеске сілтеп.

Орталық Азия елдеріндегі су ресурстарының тапшылығының артуына байланысты аймақтың гидроэнергетика саласындағы өсіп келе жатқан проблемалар Өзбекстанның Наманган облысындағы Нарын өзенінде ГЭС  салуды бастауға кедергі келтірмеді. Жаңа энергетикалық қуат елге 434 миллион долларға түседі.

Жаңа су электр стансасының жалпы қуаты 228 МВт құрайды, ал жоспарланған жылдық электр энергиясын өндіру көлемі шамамен 1 млрд кВт/сағ.

Көрші Қырғызстанмен шекарада жергілікті өндірілген технологиялар мен материалдар арқылы салынып жатқан электр станциясы республикаға жыл сайын 300 миллион текше метрден астам табиғи газды үнемдеп, 400 мыңнан астам үй шаруашылығын энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні айтылды.

Алайда көрші ел басшылығының жоспарлары Қырғызстанда электр қуатын өшіріп жатқан аймақтағы су тапшылығының ащы шындығына қайшы келуі мүмкін.

Еске салайық, Тоқтағұл су қоймасындағы су деңгейінің төмендігі Қырғызстандағы ең ірі су электр стансасында электр қуатын өндірудің қысқаруына және ел тұрғындарын энергиямен қамтамасыз етудің үзілуіне әкелді.

Пікірлер