"Жалғыз оқу орны бар". Елімізде ТЖ қызметкері мамандығына сұраныс қандай?

822
Adyrna.kz Telegram

Төтенше жағдай қызметкері десек санаға бірден өрт сөндіруші немесе құтқарушының бейнесі сарт етеді. Десе де, аталмыш маман иелерінің құзыреттілігіне бірнеше функциялар кіреді. Бұл туралы өткен жолғы материалымызда тарқатқан болатынбыз. Бұл жолы Алматы қаласының тқтенше жағдай департаментінен еліміздегі ТЖ мамандығы жайлы әңгімелескен болатынбыз

Төтенше жағдай қызметкері – күрделі физикалық және моральдық дайындықты қажет ететін қиын әрі жауапты және құрметті мамандық. Елімізде бұл мамандықтың қаншалықту актуалды екені жайлы департамент түсіндірді:

“Қазіргі таңда төтенше жағдай қызметкері мамандығы үлкен сұранысқа ие болып жатыр. 2023 жылы 200 астам бос лауазымдар болған, 2024 жылы 44 бос орын бар. Көбі білмеуі мүмкін бірақ, жалпы министрліктің құрамына ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті, ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті, ҚР ТЖМ ведомстволық бағынысты ұйымдары:, "Селденқорғау құрылыс" ШЖҚ РМК, "Қазавиақұтқару" АҚ, "Азаматтық қорғау саласындағы ұлттық ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту орталығы" АҚ, "Қызылорда теміржол ауруханасы" ЖШС, "Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС комитеттері кіреді» деп жазды Алматы ТЖД баспасөз қызметі біздің сауалға.

Сонымен қатар, мамандықтың қиын тұсын атап, өміріне қауіп төндірсе де, ерлік жасайтын мамандардың да көп екенін атап өтті:

«Мамандықтың қиын тұстары ол: ауа райға қарамастан мезгілге қарамастан ірі өрттерді сөндіру және адам өмірін құтқару. Сондай-ақ бізде өз өмірін қатерге тігіп, ерлікпен қаза тапқан, есте қалған азаматтар да бар. Мысалға келтірсек №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Нуржаубаев Қайрат. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты Дауренкулов Адил. Өз өмірін қатерге тігіп өрт сөндіру кезінде қайтыс болған қызметкерлер: №7 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Курманбеков Арслан, №19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Уали Адилет”.

Десе де, елімізде ТЖ мамандарын даярлайтын жалғыз ғана оқу орны бар екені таңғалдырды. Ол - ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты.

«1973 жылы Көкшетауға Алматыдан өрт сөндіру күзетінің оқу жасағы көшірілді, ҚР Ішкі істер министрлігінің Өрт қауіпсіздігі басқармасы мамандарды даярлады, сол кезде оқу корпусының курсанттары көп рет көмекке келіп, жүздеген адамның өмірін сақтап қалды. 1995 жылы мектеп Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты болып қайта құрылды. 1998 жылдың қаңтар айында институтта сырттай оқу факультеті ашылды. Жыл сайын 100 курсанттан қабылдаймыз. Плюс 20 адам Ресей мен Беларусиядағы бейінді жоғары оқу орындарына жібереміз» деп жауап берді оқу орны сауалымызға.

Төтенше жағдай тосыннан орын алатын табиғи апаттармен тікелей байланысты болғандықтан, ондай уақытта мамандардың өзіндік ірекет ететін ережесі болады. Мәселен олар:

“Өрт кезіндегі іс-әрекет алгоритмі:

-           Жауынгерлік киімін кию

-           Байланыс пунктінен анықталған мекен-жайын біліп алу

-           Өрт сөндіру автокөлігімен бөлімшеден қарауыл құрамымен шығу

-           Өртке кешікпей оқыс оқиғасыз жету

-           Өрттегі барлық мәліметтерді біліп күштер мен ққұралдарды жедел басқару орталығына рация аркылы баяндау

-           Өртті ұстап қалу әрі қарай таралуына жол бермеу

-           Ең бастысы- адам өмірін құтқару» алгоритмімен жұмыс істейтіндерін айтты.

 

Пікірлер