Мемлекетке борышкер 3 банк атауы жарияланды

1169
Adyrna.kz Telegram

2024 жылдың сәуір айының басында Jusan bank, Bank RBK, Halyk bank, «Банк ЦентрКредит», «Еуразиялық банк» және «Нұрбанкке» мемлекеттік қолдау сақталып отыр. Мемлекеттің қолдаудың жалпы сомасы 1,7 трлн теңгені құрайды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Агенттік мемлекеттік бюджет, Ұлттық қор, Ұлттық банк және (немесе) оның еншілес ұйымдарының, оның ішінде банктің қаржылық тұрақтылығын және (немесе) сауықтырылуын қамтамасыз ету үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы тартылған қаражаттарды пайдалана отырып орналастырылған, сатып алынған немесе банкке берілген салымдар, облигациялар, қарыздар бойынша банктің міндеттемелері мемлекеттік қолдау деп танылатынын атап өтті.

«Мемлекеттік қолдау аясында бөлінген қаражатты банктер жасалған келісімшарт шарттарына сәйкес қайтарады», - деп атап өтеді ведомстводан агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Бұл ретте, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қолдау алған банктер мемлекеттік қолдау есебінен түскен кіріс есебінен акционерлерге дивидент төлей алмайды. Сонымен қатар теріс капитал болған жағдайда дивиденд төлеуге тыйым салынған. Соның арқасында өткен жылы Halyk bank пен Bank RBK 81,3 млрд теңге 68,4 және 12,9 млрд теңге) көлемінде мемлекеттік көмекті жартылай қайтарды.

Бұған қоса, үш қаржы ұйымы банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасының қатысушысы саналады. Олар: «Еуразиялық банк», «Банк ЦентрКредит» және «Нұрбанк». Бұл банктерге аталған бағдарламадан шыққанға дейін дивиденд төлеуге толықтай тыйым салынған.

Бағдарлама қатысушылары 5 жыл бойы орындалуы тиіс міндеттемені алады. Олар мыналары:

- акционерлердің жарғылық капиталға ақша құюы немесе бөлінбеген таза пайданы жинақтау жолымен банкті капиталдандыру;

- акционерлер құрылымының транспаренттілігін арттыру (түпкілікті бенефициарларды анықтау);

- банктің қарыз қаражаты есебінен банкті капиталдандыруды жүзеге асырмау;

- банктің басшы қызметкерлеріне белгіленбеген сыйақылар (бонустар) төлеуді шектеу;

- банк акционерлеріне жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуді шектеу;

- агенттік айқындаған өлшемшарттарға сәйкес тәуекел деңгейі жоғары қарыздар беруді шектеу.

Егер банк өзіне алған міндеттемелерді орындамаса, онда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қадағалау ден қою шараларын қабылдауға немесе банктің ірі акционерін мемлекетке ауыстыруды көздейтін облигацияларды жай акцияларға айырбастауға құқылы.

Қадағалау сипатындағы шараларға қандай да бір бұзушылықты жою туралы ұйғарым, айыппұл (жойылмаған жағдайда) және лицензиядан айыру кіреді.

Пікірлер