Жаманқала жұрты жиылып Путиннен көмек талап етті

649
Adyrna.kz Telegram
Фото: Видеодан алынды
Фото: Видеодан алынды

Ресейде Орск қаласының жүздеген тұрғыны қаланың бас алаңындағы Ленин ескерткіші жанына жиналды. Азаматтар «Путин, көмектес» деп ұрандатып, су тасқынынан кейінгі жергілікті биліктің әрекетіне шағымдануда. Бұл туралы бүгін, 8 сәуірде Baza telegram арнасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Белгілі болғандай, полиция митингінің заңсыз екенін айтып, халықтың алаңнан кетуін талап еткен.

Орск тұрғындары да өтемақы көлемін арттыруды талап етуде. Оның мөлшері қазір мүлкін толық жоғалтқаны үшін 100 мың рубльді, ал жартылай жоғалтқаны үшін 50 мың рубльді құрайды. Жергілікті тұрғындар бұл ақша су тасқынына байланысты шығындарды өтей алмайтынын айтады.

Айта кетейік, Қазақ тарихында Орск қаласы Жаманқала деген атпен белгілі. Орынбор облысындағы екінші үлкен қала. Орскінің іресінде қазақ ауылдары әлі де бар.

Пікірлер