"Жазбаны бөлісті". Журналист жауапқа тартылды

1398
Adyrna.kz Telegram
Фото: The Village Казахстан
Фото: The Village Казахстан

Қазақстанда журналистер жазбаны бөліскені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

ProTenge басылымы билік аккредитация бермей қойған Азаттық тілшілерін қолдап жариялаған постты Telegram-да көшіріп жариялағаны үшін журналист Асхат Ниязов әкімшілік жауапқа тартылып жатыр.

Бұл туралы 9 сәуірде ProTenge басылымы хабарлады.

Басылымның мәліметінше, тексеру жүргізген полиция пост мазмұнында қылмыстық құқық бұзу белгісі жоқ деген қорытынды жасағанымен журналистің үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Кейіннен ол сотқа жолданған.

"Ақпарат төркініне, яғни оны бірінші болып басқан бізге келіп, осы сауалдарды ProTenge басылымына тікелей қоюдың орнына құқық қорғау органдары министрліктің қолайына жақпаған посты көшіріп басқан журналисті таңдаған", -  деп мәлімдеді бүгін ProTenge.

Пікірлер