Түркияның қолдауына алғыс. 2 ел басшылары телефон арқылы тілдесті

645
Adyrna.kz Telegram
Қазақстан мен Түркия президенттері телефон арқылы тілдесіп, Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақордаға сілтеп.
Бүгін Мемлекеттер басшылары Ораза айт мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Түркия халықтарына бақ-береке тіледі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі ахуалға байланысты қолдау көрсеткені үшін Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтты.
Қазақстан президенті Түркия Республикасымен бауырластық қатынасты, сондай-ақ екі ел халықтары арасындағы тұрақты ынтымақтастық пен өзара тілеулестікті жоғары бағалайтынын мәлімдеді.
Әңгіме барысында президенттер екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселесін талқылап, алдағы уақытқа жоспарланған кездесулер кестесін қарастырды.
Пікірлер