"Ресей қаржыландырады". 9 мамырға арналған әскери шеру тек Байқоңырда өтеді

1198
Adyrna.kz Telegram
Сурет: qazir.kz
Сурет: qazir.kz

Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күніне арналған әскери шеру тек Байқоңыр қаласында өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

9 мамырда Қазақстандағы Жеңіс шеруі Байқоңырда өтетінін анықталды. Ал шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады.

Жоспарға сәйкес, қаланың орталық алаңында жаттығу жасақтары өтеді. Олардың қатарында полиция қызметкерлері, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ресей өкілдері болады.

Одан бөлек, қала және ғарыш айлағы басшылығының ұйымдастыруымен митинг, "Мәңгілік алауға – Жеңістің 75 жылдығына" арналған монументке гүл шоқтарын қою рәсімі жоспарланған. Жеңістің 79 жылдығына арналған «Біз өмір сүреміз және есте сақтаймыз!», «Жүрегіміздегі Жеңіс жаңғырығы» мерекелік концерттік бағдарламалары және «Катюша» флешмобы да өтетін болады.

Бүгінде Байқоңырда Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері қалмаған.

Айта кетейік, биыл Қазақстан бюджетті үнемдеу есебінен Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізуден бас тартқан болатын. Дәл осындай себеппен 2022–2023 жылдары да бұл күн тойланбаған. Ал 2020–2021 жылдары  коронавирустық пандемияға байланысты мереке тойланбады.

Пікірлер