Тынышбаевтың дипломдық жұмысы. Түрксіб темір жолы іске қосылған күн

1033
Adyrna.kz Telegram

Тарихи деректерге сүйенсек осыдан 94 жыл бұрын 1930 жылы 1 мамырда Түркісіб темір жолы алғаш рет уақытша пайдалануға берілді, деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Түрксіб құрылысы – қазақ даласында ұлттық жұмысшы табының қалыптасу көшін бастайды. Осыдан тура 90 жыл бұрын пайдалануға берілген Ұлы құрылыс күні бүгінге дейін қазақ еліне қызмет етіп, аса маңызды көлік артериясына айналып отыр.

«…1930 жылдың 28 сәуір күні Айнабұлақ станциясында ТүркістанСібір темір жолының солтүстік пен оңтүстік телімдері түйісті. Осы жылдың 1 мамырынан бастап жол уақытша пайдалануға, ал 1931 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрақты пайдалануға берілді» дейді тарихи дерек.

1930 жылы Орталық Азия мен Сібір аралығын жалғастырған Түркістан-Сібір теміржолының ашылу салтанаты өтті. Бұл теміржол Семей қаласынан Алматы арқылы Жамбыл облысының Луговой бекетіне дейінгі аралықты жалғады. Ұзындығы 1452 шақырым. Теміржол құрылысы 1927 жылы басталып, 1931 жылы толығымен аяқталған. Құрылыс инженері Мұхамеджан Тынышбаев болды. Ең бірінші болып Э-1441 паровозы құрылыс заттарымен жүріп өтті.

Мұхамеджан Тынышбаев 1905 жылы Санкт-Петербургтегі І Александр атындағы жол қатынасы инженерлері Императорлық институтын тәмамдап, "Түркістан - Сібір теміржолы құрылысы" тақырыбында диплом жұмысын қорғайды. Сол жоба диплом қорғауынан кейін арада 25 жыл өткенде іске асады.

Темір жол станциясын салу жобасының бастапқы нұсқасы бойынша станция сол кездегі шағын Алматының батыс жақ шетінде болуы керек еді. Станция орны таңдалар кезде Мұхаметжан Тынышбаев алғашқы нұсқаның қате екенін дәлелдейді. 1928 жылдан Түрксіб құрылысының техникалық-өндірістік бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған тәжірибесі мол Тынышбаевқа көп нарсе жақсы таныс еді. Ол Алматы-1 станциясының орнын таңдауда, таңдалған нұсқаның тиімсіздігін дәлелдеп, баспасөзде бірнеше мақала жариялады.

 

 

Пікірлер